News

SMG Open Talk

News_KZ
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Назарбаев Университетінің қауымдастығы арасында білім мен идеялармен алмасу үшін SMG Open Talk семинарларының сериясын бастауды жоспарлап отырғанын хабарлаймыз. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі геология, тау-кен инжиниринг және мұнай-газ сияқты пәндер бойынша дәрістер оқиды. SMG Open Talk семинарлары НУ-нің қауымдастығының барлық мүшелері үшін ашық. Біздің спикерлер кез келген тақырыпты түсіндіреді және геология, тау-кен инжиниринг және мұнай-газ сияқты пәндерден бейхабар адамдарға түсініксіз сөздер мен терминдерді анықтайды.

Бірінші SMG Open Talk семинары 2022 жылдың 2 қыркүйегінде өтеді.

Семинар туралы

“Егер сіз оны өлшей алмасаңыз, онда ол жоқ”

Геохимия өлшемдерге негізделген. Геохимиялық әдістердің мүмкіндіктері соншалықты дамыды, қазір ең аз өзгерістерді триллиондаған бөліктер деңгейінде өлшеуге болады. Жоғары сапалы геохимиялық деректерді алу үшін жаңа аспаптарды және заманауи әдістемелер әзірлеу өте маңызды. Мұндай мәліметтерді алу үшін көп күш салу керек. Өзінің презентациясында доктор Азам Солтани геохимияның қиындықтары мен мүмкіндіктерін көрсету үшін сізді LA-ICP-MS принциптің және сульфидтік талдау негіздерімен таныстырады.

Спикер

Доктор Азам Солтани Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің геология кафедрасының Ассистент профессоры. Азам Солтани Канаданың Нью-Брансуик университетінде экономикалық геология және қолданбалы геохимия бойынша PhD дәрежесін алды. Қолданбалы минералогия және геохимия саласындағы сарапшы ретінде Азам Солтанидың петрология, пайдалы қазбаларды барлау, қоршаған ортаны зерттеу және вулканология салаларында тәжірибесі, сонымен қатар Нью-Брансуик университетінде, Торонто университетінде және Эквадор Ячай техникалық университетінде оқытушылық және зерттеу тәжірибесі бар.


Тіркелу