Геология ғылымының болашағы: Жерді құтқарудағы сіздің рөліңіз
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі геология мамандығының қарқынды өзгеріп жатқан әлемдегі рөліне арналған мазмұнды дәріспен д-р Лесли Дж. Вудты қарсы алуға қуанышты.
Бұл дәрісте маңызды бір ақиқат қозғалады: Жердің өзі нәзік емес, бірақ ондағы біздің орнымыз — нәзік. Геология ғылымы арқылы д-р Вуд бізді Жердің ежелгі өткенінен болашақтағы күрделі кезеңдерге жетелеп, геологиялық үдерістерді түсіну — планетадағы өмірді сақтап қалуға арналған тұрақты шешімдер жасауға қалай көмектесе алатынын баяндайды. Дәріс барысында келесі тақырыптар қозғалады: энергия көздерінің өзгеруі, климатқа байланысты беткі өзгерістер, табиғи апаттарды басқару және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі геологтардың өсіп келе жатқан рөлі.
Д-р Вуд сонымен қатар геология мамандығының болашағы туралы ой қозғайды: келешек геологтар Жердің ең биік шыңдарында, мұхиттардың ең терең түбінде және тіпті басқа планеталарда жұмыс істейтін болады. Бұл дәріс – студенттер мен ғалымдарға арналған үндеу: Жермен тек бақылаушы ретінде емес, оның болашағы үшін жауапты тұлға ретінде әрекет етіңіздер.
Спикер туралы
Доктор Лесли Дж. Вуд — сейсмикалық геоморфология мен тектоно-шөгінді процестер саласындағы жетекші маман. Оның зерттеу тәжірибесі бірнеше континенттер мен планеталарды қамтиды. Ол Колорадо мемлекеттік университетінде Жер ресурстары мамандығы бойынша Ph.D. дәрежесін алған және қазіргі таңда Colorado School of Mines университетінде Геология және Геологиялық инженерия кафедрасында Weimer Distinguished Chair қызметін атқарады. Оның білімге және тұрақты дамуға деген құштарлығы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жас геологтарға шабыт сыйлауда.
- Күні: 2025 жылғы 14 сәуір
- Уақыты: 14:00 – 15:00
- Өтетін орны: С3, 1-қабатб Аудитория 1009