News

НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің түлегі Канада елінде докторантура оқуға толық грант ұтып алды

News_KZ
НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің «Тау-кен инжиниринг саласындағы» магистратура бағдарламасының 2020 жылының түлегі Нұрсұлтан Ілияс Канадағы Ванкувер қаласында орналасқан Британдық Колумбия университетіне докторантураға оқуға тускен. Нұрсұлтан НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің студенті ретінде доктор Насер Маданидің жетекшілігімен геостатистика және ресурстарды бағалау бойынша магистрлік диссертациясын жазды. Магистрлік диссертациясының қорытындысы бойынша Нұрсұлтан бір мақала жариялады, сонымен қатар бір конференцияда баяндама жасады. Нұрсұлтан канадалық Motion Metrics корпорациясының докторантураға толық грантын ұтып алды. Британдық Колумбия университетінде Нұрсұлтан профессор Берн Клейннің жетекшілігімен мыс кеніштерін геостатистикаға және геометаллургиялық модельдеуге бағытталған «A Machine Vision and AI-Based Solution for Optimal Comminution in Mineral Processing Circuits» атты зерттеу бойынша жұмыс істейді.

НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Нұрсұлтанды осындай үлкен жетістігімен құттықтап, одан әрі табыс тілейді!