News

Студенттердің Ақтауға оқу сапары

News_KZ
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері аудиториялар мен зертханаларда білім алып ғана қоймай, дәрістерде алған білімдерін тәжірибеде бекіте алатын оқу сапарларына да шығады. Наурыз айының 10-ы мен 14-і аралығында қауымдастырылған профессор Милован Фустич жетекшілік ететін GEOL 204 тобының студенттері Ақтау қаласына оқу сапарына барды. Оқу сапары барысында студенттер кен орнын жер бетіне сипаттау, каротаж және тау-кен жұмыстардың жоспарын әзірлеу сияқты компоненттерді қамтитын қарқынды дайындықтан өтті. Студенттер жеке және топтық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды өткізді. Оқу сапары аясында студенттер ҚМГ Инжинирингтің ҚАЗНИПИ зертханасында барып қайтты және талдау үшін негізгі үлгілерді алды.