News

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің PhD студенті Халықаралық симпозиумге (ISMSSE2021) қатысты

News_KZ
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің 3-ші курстың PhD студенті Зарина Мухамедьярова 2021 жылдың 21-25 қарашасында Польшаның Катовице қаласында Орталық Тау-кен институтында өткен бесінші Халықаралық Тау-кен өнеркәсібінде қауіпсіздік симпозиумге (ISMSSE2021) қатысты. Зарина Мухамедьярова Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Фиделис Суориненидің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Симпозиумда Зарина екі баяндама жасады, оларды симпозиум ұйымдастырушылары жоғары бағалады:

  1. Impact of mining induced continuous rock mass degradation on seismic wave velocity.
  2. Monitoring of backfill strength mobilization with time.

ISMSSE 2021 симпозиумы тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылауға арналған халықаралық форум. Симпозиумда ғалымдар мен мамандар тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздікті жақсарту бойынша жаңа идеяларды талқылап, тәжірибе алмасады.