News

НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі 56-шы Американдық Тау жыныстары механикасы/ Геомеханика конференциясына қатысты

News_KZ
НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Фиделис Суоринени және «Тау-кен инжинирингі» бағдарламасының 3-ші курс докторанты, Зарина Мұхамедьярова 2022 жылдың 26 және 29 маусым аралығында АҚШ-тың Нью-Мексико штатында орналасқан Санта-Фе қаласында өткен 56-шы Американдық Тау жыныстары механикасы/Геомеханика конференциясына қатысты. Бұл конференцияны Американдық тау-кен механикасы қауымдастығы (ARMA) ұйымдастырды. Американдық тау-кен механикасы қауымдастығы – бұл Тау жыныстары механикасы мен Геомеханика саласындағы мамандар, практиктер, ғалымдар мен оқутышы-профессорлар арасындағы өзара әрекеттесуге ықпал ететін ғалымдар мен инженерлердің кәсіби халықаралық қауымдастығы.

Биылғы жылы конференцияның техникалық бағдарламасы Тау жыныстары механикасы мен Геомеханика саласындағы жетістіктер мен инновациялық қолданбалы зерттеулерге арналды.

Конференцияда профессор Фиделис Суоринени «The Qualitative Stability Graph for Open Stope Design – Recent Developments» атты жұмысын ұсынды.

Зарина Мұхамедьярова профессор Фиделис Суоринени жетекшілігімен жүргізілген «Strategy towards accurate location of seismic event sources in mining environment: the effect of voids and backfills» атты жұмысын ұсынды.

Баяндамалар материалдары конференция жинағында жарияланады.