News

Зертханалардың ашық есік күні – Зертханаларымызбен танысыңыз!

2025-04-10 23:53 News_KZ
Күні: 2025 жылғы 17 сәуір
Уақыты: 15:30 – 17:30
Өтетін орны: 6-блок, 1-қабат

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің зертханалар күніне қатысып, геология, тау-кен ісі және мұнай-газ инженериясы салаларының қызықты әлеміне еніңіз. Зертханалық ассистенттер сізді зертханаларға ертіп апарып, заманауи құрал-жабдықтармен таныстырады және студенттер мен зерттеушілердің нақты өндірістік құралдарды қалай қолданатынын көрсетеді.

Ашық зертханалар:

📍 6141-аудитория – Бұрғылау үрдісін еліктеу зертханасы (Мұнай-газ инженериясы)

Студенттер мұнай мен газды қауіпсіз бұрғылау тәсілдерін компьютерлік және үлкейтілген симуляциялық жабдықтар арқылы үйренеді. Зертханада долотаның салмағын, сорғы қысымын және құбыр қозғалысын басқаруға мүмкіндік беретін бурғылау пульті бар. Бұл жерде студенттер апатты жағдайлардың алдын алуды және дроссель мен манифольд арқылы ағымдарды басқаруды үйренеді.

📍 6154-аудитория – Седиментология және мұнай-газ геологиясы зертханасы (Геология)

Жер тарихын шөгінділер мен шөгінді тау жыныстарын зерттеу арқылы ашыңыз. Бұл зертхана седиментология мен мұнай-газ геологиясына маманданған және әртүрлі шөгінді түрлерін – сынықты, химиялық және органикалық – зерттеу арқылы Жердің бетін қалыптастырған үдерістерді түсінуге көмектеседі.

📍 6106-аудитория – Тау жыныстар механикасы зертханасы (Тау-кен ісі)

Тау жыныстарының қысым астындағы мінез-құлқын зерттейтін инженерлердің жұмысын көріңіз. Бұл зертхана жоғары қысымды гидравликалық жүйелермен, акустикалық сенсорлармен және дәлдікке ие қысым/деформация өлшеуіштермен жабдықталған, геологиялық қысым жағдайларын модельдеп, минералдар мен жыныстардың физикалық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.