Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (ТІЖТҒМ) біздің 3-курс «Мұнай-газ инженериясы» студенттерінҚазақстан Республикасы студенттерге арналған Ашық жүзу чемпионатында жүлделі орындармен құттықтайды. Жарысқа елдің әр өңірінен келген 12 университет командасы қатысты, қатысушылардың деңгейі әуесқойлардан бастап ұлттық құрама мүшелеріне дейін болды.
ТІЖТҒМ нәтижелері
Хайдар Базарбаев
100 м баттерфляй — қола (3-орын)
4×50 м аралас эстафета (микс) — қола (3-орын)
Гүлжан Өтекина
4×50 м аралас эстафета (микс) — қола (3-орын)
Қатысушылардың пікірлері
Хайдар Базарбаев: «Ұлттық жарысқа қатысып, Университет намысын қорғағаныма қуаныштымын. Жеке заплывтарымнан бөлек, эстафетада командалық орын алғанымызға да ризамын».
Гүлжан Өтекина: «Бұл — университет командасындағы үшінші жарысым. Мұнда халықаралық деңгейде үнемі өнер көрсететін тамаша спортшылар көп болды. Тәжірибе өте қызықты өтті».