Күні: 2025 жылғы 11 қазан
Өтетін орны: Назарбаев Университет
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (ТІЖТҒМ) біздің 3-курс «Мұнай-газ инженериясы» студенттерін Қазақстан Республикасы студенттерге арналған Ашық жүзу чемпионатында жүлделі орындармен құттықтайды. Жарысқа елдің әр өңірінен келген 12 университет командасы қатысты, қатысушылардың деңгейі әуесқойлардан бастап ұлттық құрама мүшелеріне дейін болды.
ТІЖТҒМ нәтижелері
Хайдар Базарбаев
- 100 м баттерфляй — қола (3-орын)
- 4×50 м аралас эстафета (микс) — қола (3-орын)
- 4×50 м аралас эстафета (микс) — қола (3-орын)
Қатысушылардың пікірлері
Хайдар Базарбаев: «Ұлттық жарысқа қатысып, Университет намысын қорғағаныма қуаныштымын. Жеке заплывтарымнан бөлек, эстафетада командалық орын алғанымызға да ризамын».
Гүлжан Өтекина: «Бұл — университет командасындағы үшінші жарысым. Мұнда халықаралық деңгейде үнемі өнер көрсететін тамаша спортшылар көп болды. Тәжірибе өте қызықты өтті».