News

Жас геологтардың VI Қазақстандық ашық далалық олимпиадасы

News_KZ
2022 жылдың 23 шілдеде Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Ақмола облысы, Бурабай курорттық аймағындағы оранласқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен Жас геологтардың VI Қазақстандық ашық далалық олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты.

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаты – жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушылардың геология ғылымын оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы маңызын кеңінен насихаттау, дарынды балаларды анықтау және қолдау, мектеп оқушыларының назарын проблемалық мәселелерге аудару, геоэкология және жер қойнауын қорғау, өскелең ұрпақты патриоттық және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

Жас геологтар олимпиадасының ұйымдастырушылары – «Жас геолог» корпоративтік қоры. Биыл Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан және ТМД елдерінен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь) 220-дан астам бала (9-11 сынып оқушылары) қатысуда.

Олимпиада барысында мектеп оқушылары палеонтология, петрография, минералогия, кристаллография, геохимия, экогеология, құрылымдық геология, тарихи геология, инженерлік геология, гидрогеология, минералдық геология және басқа да геологиялық ғылымдар бойынша білімдерін көрсетуі қажет.