News

IESO 2022 олимпиадасының қатысушылары іріктелді

News_KZ
2022 жылдың 29 қаңтарында Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі «Жас геолог» корпоративтік қорымен бірлесіп 2022 жылдың 24-30 тамызы аралығында онлайн режимінде өтетін IESO 2022 халықаралық олимпиадасына қатысушыларды таңдады. IESO (International Earth Science Olympiad) – геология, геофизика, метеорология, океанография, астрономия сияқты пәндерді қамтитын Жер туралы халықаралық олимпиада. IESO-ға жоғары сынып оқушылары қатысады. 2022 жылы IESO-ға қатысу үшін Қазақстаннан 8 оқушы таңдалды. Енді іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын олимпиадаға қызу дайындық күтіп тұр.