News

Профессор Фиделис Суориненидің сұхбаты

News_KZ
Күнделікті өмірде адамдар тау-кен өнеркәсібінің жолдар, ауруханалар, үйлер құрылысы, автомобильдер, компьютерлер, спутниктерді шығару, сондай-ақ электр энергиясын өндіру сияқты қазіргі қоғамның көптеген салаларында шешуші рөл атқаратыны туралы ойланбайды. Себебі әртүрлі минералдар мен металдар адамзаттың өнертабыстарының көпшілігі үшін ең маңызды құрамдас болып табылатындықтан. Дегенмен, тау-кен инженерлері пайдалы қазбаларды барлау мен өндірумен қатар максималды өнімділікке қол жеткізудің, табиғатқа тигізетін кері әсерді азайтудың, жаңа тұрақты технологияларды енгізудің, шығарындыларды азайтудың жолдарын да зерттеп жатқанын айта кеткен жөн. Жақында Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Фиделис Суоринени the Manufacturer-ге сұхбат беріп, тау-кен өнеркәсібі орнықты даму мақсаттарына қалай үлес қосатыны туралы айтып берді.

Профессор Фиделис Суоринени – көрнекті ғалым, оның Африкада, Солтүстік Америкада, Австралия және Азияда 30 жылдан астам оқыту, зерттеу және кеңес беру тәжірибесі бар.

Сұхбаттың толық нұсқасын the Manufacturer мақаласынан оқыңыз.