Күні: 2025 жылғы 27 мамыр
Уақыты: 15:30 – 16:30
Өтетін орны: 6-блок, 1-қабат, 6105 аудитория
Уақыты: 15:30 – 16:30
Өтетін орны: 6-блок, 1-қабат, 6105 аудитория
Дәрістің тақырыбы
Көкшетау гнейстерінің геохимиясы және стратегиялық металдар кен орындарын түсінудегі маңыздылығы
Аннотация
Көкшетау метаморфтық кешені (Көкшетау массиві) — метаморфтық алмаздардың және ультра-жоғары қысымдағы метаморфизмнің (UHP) ең сенімді дәлелдері бар әлемдегі сирек геологиялық орындардың бірі. Бұл кешен субдукция және коллизия аймақтарындағы процестерді зерттеуге арналған табиғи зертхана ретінде танылған.
Дәріс барысында профессор Көкшетау кешенінің UHP гнейстері терең субдукция кезінде жартылай балқығанын және нәтижесінде жеңіл сирек жер элементтері (LREE), торий (Th) және уран (U) сияқты маңызды элементтерден айырылғанын түсіндіреді. Осылайша алынған балқымалар стратегиялық металдар кен орындары бар магмалық кешендердің қалыптасуына әсер етуі мүмкін.
Лектор туралы
Профессор Александр Степанов 2002 және 2004 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінде бакалавриат және магистратураны аяқтады, ал 2012 жылы Австралия ұлттық университетінде геология мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды. 2012–2019 жылдар аралығында Австралиядағы Тасмания университетінде зерттеуші және постдокторант ретінде жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Қытай геология университетінің (Ухань) Ресурстар мектебінде профессор болып қызмет атқарады.
Ғылыми зерттеу бағыттары:
- Минералогия және кен геохимиясы
- LA-ICP-MS сияқты микроаналитикалық in situ әдістері
- Стратегиялық металдардың геохимиясы, анатексис пен метаморфизмнің маңызы
- Минерал құрамын өзгеру аймақтарын қалпына келтіру және кен орындарын іздеуде қолдану
Профессор Степанов Geology, Journal of Petrology, Chemical Geology, Ore Geology Reviews, Earth Science Reviews сияқты жетекші журналдарда 40-тан астам ғылыми мақала жариялаған.